14.10.2021
185
Нұрахметке
Ес көрдік –
Жалған бәсі артпайтынын,
Ішінде Көп қоңырдың –
Аласымыз:
Жүзге,
Руға,
Қанға өлсе тартпайтұғын –
Бөлінбес
Бір Атаның Баласымыз!
Ер-көңіл –
Тасқа салсаң –
Пәті қайтпас,
Тасуда
Той-Ғұмырдың думаны үдеп:
Жақын тұрмақ,
Айыр тіл жатың айтпас,
Біздерді Бір Анадан тумады деп!
Хақ Бұйрығы – Жан-тәнің кемелденсе,
Рахман Нұры –
Тылсымның Жарығысың:
Ақыл-Күшің-Қуатың
Өле-өлгенше Етер қызмет –
Ел үшін, Халық үшін...
...Сен де келдің –
Елуге –
Мен де келдім,
Бүгінгі Күн –
Тасын Күн –
Тілеулі Күн:
Сараланып,
Сафтанып,
Зерленемін –
Қу тірліктің
Жасырып жүдеулігін!
Төнген қауіп-қатерден арашалап,
Табыстырған Тәңірге –
Рахмет!
Тағдыр сыйын талайлы тамашалап,
Жаса!
Жаса!
Мың жаса,
Нұрахмет!
Ақын мінез –
Адуын –
Дәрі кімге?!
Жырға – мәдет,
Жан-Досым,
Өмір-Ортаң:
Қара Жерді қам басып,
Әлі күнге –
Менің тірі жүргенім –
Сенің арқаң!..
Жалған бәсі артпайтынын,
Ішінде Көп қоңырдың –
Аласымыз:
Жүзге,
Руға,
Қанға өлсе тартпайтұғын –
Бөлінбес
Бір Атаның Баласымыз!
Ер-көңіл –
Тасқа салсаң –
Пәті қайтпас,
Тасуда
Той-Ғұмырдың думаны үдеп:
Жақын тұрмақ,
Айыр тіл жатың айтпас,
Біздерді Бір Анадан тумады деп!
Хақ Бұйрығы – Жан-тәнің кемелденсе,
Рахман Нұры –
Тылсымның Жарығысың:
Ақыл-Күшің-Қуатың
Өле-өлгенше Етер қызмет –
Ел үшін, Халық үшін...
...Сен де келдің –
Елуге –
Мен де келдім,
Бүгінгі Күн –
Тасын Күн –
Тілеулі Күн:
Сараланып,
Сафтанып,
Зерленемін –
Қу тірліктің
Жасырып жүдеулігін!
Төнген қауіп-қатерден арашалап,
Табыстырған Тәңірге –
Рахмет!
Тағдыр сыйын талайлы тамашалап,
Жаса!
Жаса!
Мың жаса,
Нұрахмет!
Ақын мінез –
Адуын –
Дәрі кімге?!
Жырға – мәдет,
Жан-Досым,
Өмір-Ортаң:
Қара Жерді қам басып,
Әлі күнге –
Менің тірі жүргенім –
Сенің арқаң!..