14.10.2021
  193


Автор: Исраил Сапарбай

Сен болмасаң

Сен болмасаң, қайтер ем?
Əй, бiлмеймiн...
Жарығы кем, жылусыз жай күндеймiн,
Түнде тұман торлаған айдындаймын,
Өз кесемде мұң болып мəймiлдеймiн.
Сен болмасаң қайтер ем? –
Тынып iштен,
Өкiнiштiң болар ма ем уын iшкен.
Селт етпеуге айналған сезiмiмдi,
Серпiлдiрiп жiбердiң ұлы күшпен!
Кеш кездесiп,
Налыман кеш көргенге.
(Мезгiлiмнен кеш туып, өскем мен де...)
Сенi көрiп жұбанам, əлденеден,
Секем алып көңiлiм сескенгенде.
Жан денемдi бiр жылу жайлағанын,
Ашылғанда сезiнем ай қабағын.
Қазығынан айналған арғымақтай,
Кiрпiгiңе жалғыз тал байланамын.





Пікір жазу