14.10.2021
269
Қазақстан Президенті 10 ұлттық жобаны мақұлдады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 ұлттық жобаны мақұлдады. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысы 10 тармақтан тұратын ұлттық жобалар тізімін бекітті:
- «Әр азаматқа сапалы және қолжетімді медициналық көмек «Сау ұлт» ұлттық жобасы.
- «Білімді ұлт - сапалы білім» ұлттық жобасы.
- «Ұлттық рухани жағыру» ұлттық жобасы.
- «Цифрландыру, ғылым мен инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.
- Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы.
- «Күшті аймақтар - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.
- «Қазақстандықтардың әл - ауқатын жақсартуға бағытталған тұрақты экономикалық өсім» ұлттық жобасы.
- «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.
- Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы.
- «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы.
Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген. Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін үкімет ұлттық жобаларды іске асыру экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту факторына айналатынын мәлімдеген болатын. Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар есебінен ұлттық жобаларды басым қаржыландыру қарастырылған.