13.10.2021
197
Дұға
Ит терісіне жазылған жазу,
Ескі жұртта қалған көмбе.
Адамзат ақылы қандай аянышты!
Бір аунап уанбаған қайсы пенде.
Құмарпаздар әуесі қаныңдағы,
Иманың қырық кез төбеңде тұрар.
Бір жыл өсіріп көрші шаш-сақалыңды,
Екі иығыңда екі періште отырар.
Ентігіп есіріктенбе кәрі жасамыс,
Үндемей отыра қал одан да сол күні,
Бар екені рас болса, егер бір жаратушы
Жеңісім деп білер, бәлкім, ол мұны.
Ескі жұртта қалған көмбе.
Адамзат ақылы қандай аянышты!
Бір аунап уанбаған қайсы пенде.
Құмарпаздар әуесі қаныңдағы,
Иманың қырық кез төбеңде тұрар.
Бір жыл өсіріп көрші шаш-сақалыңды,
Екі иығыңда екі періште отырар.
Ентігіп есіріктенбе кәрі жасамыс,
Үндемей отыра қал одан да сол күні,
Бар екені рас болса, егер бір жаратушы
Жеңісім деп білер, бәлкім, ол мұны.
Омарғазы Айтанұлы Омарғазы Айтанұлы өлеңдері Омарғазы Айтанұлы шығармашылығы дұға Адамзат иман құмарпаз ит қырық жеңіс Періште