13.10.2021
209
Сүрініп кетпе
Сүрініп кетпе
Табалдырығы –
Есігінде жат үйдің.
Секілді ол дұшпанына –
Бас игені батырдың.
Бір бұлт етсе тобығың, өрбиді –
Он есе өсек ізіңнен.
Езулері жырта қарыс, не шықпайды –
Отыз тістен тізілген.
Байқа, анық бас,
Соғылып қалма жат босағаға!
Табалдырығында – біліп ал,
Өкініш пен күлкі дәл осы арада
Табалдырығы –
Есігінде жат үйдің.
Секілді ол дұшпанына –
Бас игені батырдың.
Бір бұлт етсе тобығың, өрбиді –
Он есе өсек ізіңнен.
Езулері жырта қарыс, не шықпайды –
Отыз тістен тізілген.
Байқа, анық бас,
Соғылып қалма жат босағаға!
Табалдырығында – біліп ал,
Өкініш пен күлкі дәл осы арада
Омарғазы Айтанұлы Омарғазы Айтанұлы шығармашылығы Омарғазы Айтанұлы өлеңдері Есік үй дұшпан батыр бұлт он отыз босаға