13.10.2021
210

Жүлге
Екі-ауыз сөз екен бұл дүние,
Біріншісін данішпандар айтып кетіпті.
Ендігі қалғаны — екіншісі.
Бірақ, оны да
Шайхы-дәруіштер тәркі етіпті.
Ішіп жіберейінші сол үшін
Бір бакал тарқап кетер ме екен, мысалы
Құмарпаздың ашуы.
Шарап емес, хасам,
Қайда иненің жасуы?
Бір ұшық жіп, ұшықталған
Шебердің сілекейімен,
Сол жіп — біз.
Тепшісең тепші
Бірақ бәрі де сол ескі жүлге –
Бәрі де сол баяғы ескі із.
Біріншісін данішпандар айтып кетіпті.
Ендігі қалғаны — екіншісі.
Бірақ, оны да
Шайхы-дәруіштер тәркі етіпті.
Ішіп жіберейінші сол үшін
Бір бакал тарқап кетер ме екен, мысалы
Құмарпаздың ашуы.
Шарап емес, хасам,
Қайда иненің жасуы?
Бір ұшық жіп, ұшықталған
Шебердің сілекейімен,
Сол жіп — біз.
Тепшісең тепші
Бірақ бәрі де сол ескі жүлге –
Бәрі де сол баяғы ескі із.
Омарғазы Айтанұлы Омарғазы Айтанұлы шығармашылығы Омарғазы Айтанұлы өлеңдері шайхы бакал құмарпаз шарап Ине шебер жіп жүлге