13.10.2021
232

Арылу
Жұтып кетеді қара орман,
Жақын барма
Есің дұрыс болса, егер сенің –
Орап алады жасыл торы
Жарық пен көлеңкенің.
Тоқтатпайды аққан су,
Кетеді ол-дағы бірге ағызып –
Сені өзімен.
Қарайсың сонда екі жағаға
Адамның емес албастының көзімен.
Ойдан тоқтап
Тас боласың беттегі.
Өлеңге де, әнге де ұқсамас
Инелік пен араның ұшып өткені.
Философия яки бір дін,
Қоғамдық ойлар жоқ мұнда.
Көміп жатқан сияқты
Табиғат адамды орауыш етіп
Жасыл шалғын мен көк қияқты.
Сергисің құтыласың өзіңді
Адамдықтан тыңайтып.
Отырасың сонан соң
Баяғы сол өз тегіңе қайтып.
Жақын барма
Есің дұрыс болса, егер сенің –
Орап алады жасыл торы
Жарық пен көлеңкенің.
Тоқтатпайды аққан су,
Кетеді ол-дағы бірге ағызып –
Сені өзімен.
Қарайсың сонда екі жағаға
Адамның емес албастының көзімен.
Ойдан тоқтап
Тас боласың беттегі.
Өлеңге де, әнге де ұқсамас
Инелік пен араның ұшып өткені.
Философия яки бір дін,
Қоғамдық ойлар жоқ мұнда.
Көміп жатқан сияқты
Табиғат адамды орауыш етіп
Жасыл шалғын мен көк қияқты.
Сергисің құтыласың өзіңді
Адамдықтан тыңайтып.
Отырасың сонан соң
Баяғы сол өз тегіңе қайтып.
Омарғазы Айтанұлы Омарғазы Айтанұлы шығармашылығы Омарғазы Айтанұлы өлеңдері арылу өлең ән Инелік қоғам философия табиғат адам жасыл