13.10.2021
220
![](/uploads/shorttexts/author_image/20200220115858213.jpg)
Ертең не болар
Ертең не болар,
Кім бар үй сыртында?
Ұқсайды кешкі іңір
Сәуірдің бұлтына.
Бүгін…
Дәл бүгін — осы күн
Былтырда ашық тұрған.
Екі жолаушы секілді
Бір ауылдың екі бойжеткені
Бірін-бірі асықтырған.
Бәлкім ертең боран соғар,
Шарқая кемпір немересін ұрып.
Күн жайлатар ма екен
Семіз бәйбіше мезгілсіз іргесін түріп.
Әттең, ертең!
Күйеу келіп,
Әттең, бір келін түсірілсе!
Не болар?
Өзгеге ашты,
Өздеріне неке суы іштірілсе!
Апырау, ертең табыт тұрар ма?
Несі екен
Жалғыз бөкен ен далада шаңырқап.
Бір жөні болар, қайтейік енді
Бәріне бірдей жабырқап!
Кім бар үй сыртында?
Ұқсайды кешкі іңір
Сәуірдің бұлтына.
Бүгін…
Дәл бүгін — осы күн
Былтырда ашық тұрған.
Екі жолаушы секілді
Бір ауылдың екі бойжеткені
Бірін-бірі асықтырған.
Бәлкім ертең боран соғар,
Шарқая кемпір немересін ұрып.
Күн жайлатар ма екен
Семіз бәйбіше мезгілсіз іргесін түріп.
Әттең, ертең!
Күйеу келіп,
Әттең, бір келін түсірілсе!
Не болар?
Өзгеге ашты,
Өздеріне неке суы іштірілсе!
Апырау, ертең табыт тұрар ма?
Несі екен
Жалғыз бөкен ен далада шаңырқап.
Бір жөні болар, қайтейік енді
Бәріне бірдей жабырқап!
Омарғазы Айтанұлы Омарғазы Айтанұлы өлеңдері Омарғазы Айтанұлы шығармашылығы ертең бүгін жолаушы былтыр ауыл бойжеткен Боран