12.10.2021
179
Ойлап тапқыш
Екі мың төрттің жаңалығын оқыдым
Оқыдым да, көңіліме тоқыдым
Ойлап тапқан айналайын ағадан
Жеттіме екен мақсатына осы күн?
Тыныш тұрған судан қуат өндірер
Судың күшін сыртқа итеріп көндірер
Бос қапшықты бізге қызмет жасатар
Бақытжан аға - ойлап тапқан нағыз ер
Бұл жаңалық он үш жасқа толыпты
Басымызға бақыт болып қоныпты
ЭКСПО – да көрсетілген ғажаптан
Кем емесін көре тұрып, соны ұқтым.
Бақытжан аға, фамилиясы Әлменов
Өзгелерді демеп жүрер әл беріп
Еліміздің интелектуалдық деңгейін
Көтеруге ат салысты әр беріп.
Техникалық төңкеріске қарашы
Қанша үнем, қанша пайда санашы
Еңбегіңіз еленсінші, ағатай
Ойлап тапқыш қазағымның баласы.