12.10.2021
215

Далалар
- Қаңбақ па домалаған?
Далалар – таңғы түс,
Ұзатылған қыз,
Ол және
Қанаты талған құс.
Жеңілген көшпенділер –
Далалар
Солардың жығылған туы.
Оққа ұшқан арғымақтың –
Далалар соның
Терсіген буы.
Жым-жырт адырлар –
Ұйқысы.
Отыншының балтасы қалған,
Кәрі жыңғылдың таты –
Соның қызыл қанына боялған.
Түйелердің сірі табаны ма
Қоңырау үні құмға басқан?
Басы жоқ, соңы жоқ
Қара жолдар –
Ұзын-ұзын ескі дастан.
Далалар – таулардың анасы,
Ұсақ төбешіктерде
Кіндігін кескен,
Үйсін обаларынан да үлкен
Оның жасы.
Ағын-ағын ой-шұңқырлар –
Қыпшақтар аттарының тұяғы тескен.
Далалар – осы,
Тасбақаның аузы ма ашылған?
Бір сынық жебе,
Бір тас оба,
Ескі құдық,
Далалар міне, осы –
Аппақ қу сүйек шашылған.
Омарғазы Айтанұлы Омарғазы Айтанұлы шығармашылығы Омарғазы Айтанұлы өлеңдері Далалар қара жолдар ой-шұңқырлар ескі құдық