11.10.2021
  261


Автор: Исраил Сапарбай

Көшкенде жылқы айдаймын аламенен

«Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едiм даламенен...»
...Меңдетiп мезгiл оғы кеттi ме екен,
Жанымда ыңырсиды жаралы өлең.
Тауысып шарасыздан бар амалын
Сыздайды жүрегiмде жаралы əнiм.
Жайланды көңiлiме бiр мұң келiп,
Айналды ақ сағымға орамалың...
Байланды көз алдыма iңiр келiп,
Ататын таңым қайда сiбiрленiп?
Əнiне «Екi жирен» салар едiм,
Даусымды бара жатыр дiрiл көмiп.
Жолыңа қарай-қарай талды көзiм,
Сауықсыз салқындады сал мiнезiм.
Жатқа да, жақынға да жайы жұмбақ
жанымның жұбанышы – жалғыз өзiң!..





Пікір жазу