11.10.2021
  192


Автор: Исраил Сапарбай

Жабырқау жанды жұбатпай

Жабырқау жанды жұбатпай
Көңiлдiң күйректеу əнi,
Көмiлген көзi бұлақтай
Кездесу сиреп барады.
Елп етпе сезiм, елiк көз,
Балғын наз, ерке, бал қылық,
Семсерлi сертке берiк кез,
Қалайша лезде қалды ұмыт?
Құралай қыз-ау, əнқұмар,
Көңiлiң неден дəркүмəн?
Арманның шығып алдынан
Сүйгенiмде ме бар кiнəм?
Гүл өмiр, құшуақ таңыңа
Бозторғай болып əн төктiм.
Жүрегiмдi ұстап қолыма,
Жолыңа жырды тəрк еттiм.
Үзiлiп кеткен үмiттей
Жүрекке жiбi жалғанбай,
Iз-түзсiз көзге iлiкпей
адасқан аққу – армандай,
Арамыз бүгiн – көк пен жер,
Арамыз бүгiн – көк тұман.
Көңiлден көшiп көктемдер,
Өмiрден өшiп кеттi ме əн?
Таңдайда ерiр бал десем,
Тағдыры жұмбақ жан ба едiң?
Айтылмай жүрген əлде Сен
Əуенi бөлек əн бе едiң?
Тiрлiкте тыным бермейдi
Аңдағай ойлар андыздап.
Жүректiң қылын тербейдi
Жабырқау жырым жалғыз қап.
Шектеулi мына жалғанда
Шеттеу бiр қалып шер кештiм.
Азғантай ғұмыр қалғанда
Алдамағай да ендi ешкiм...





Пікір жазу