11.10.2021
  148


Автор: Исраил Сапарбай

Көнбеген ырқыңа əлi

Көнбеген ырқыңа əлi
Көңiлдiң мастығындай,
Кеудеңде бұлқынады
Бiр сезiм жас құлындай.
Көбелек кеткен ұшып
Бүгiнде бұрымыңнан.
Кiм мəңгi өтпек iшiп
Көзiңнiң тұнығынан?
Наз əннiң бiрiндейсiң
Көмейде дiрiл қағар.
Газонның гүлiндейсiң
Ызғарға ұрынбаған
Лебiң – нəр, тынысың – бал,
Ұқсайсың бойжеткенге.
Бiлмеймiн, гүл ұсынар
Қай жiгiт қай көктемде?..





Пікір жазу