Бір тал гүл
Бiрте-бiрте салқынсыған сезiммен
Кездерiңдi көрiп жүрмiн көз iлген.
...Мен көтерiп алып ем-ау күн кеше
Бiр тал гүлдi –
Жерде елеусiз езiлген.
Бiр тал гүлiм,
Қайта түлеп, бүрлеген,
Сен болмасаң, сыр бөлiсем кiмменен?
Өз жарамның өзiм ашып ауызын,
Өз шоғымды кезiм қанша үрлеген?..
Тағдырымды –
Бiр тал гүлмен селбескен
Жетiмекше жетелеттiм желге ескен.
Салқын тартқан Саратанға жеттiм-ау,
Солқылдатқан тамырымды сол кештен!..
Бiр тал гүлiм гөзелi едi-ау бiр бақтың,
Қанша мəрте бiрге тоңдым, дiр қақтым...
Гүлзарыма сұғын салды қай неме?
Гөзелiмдi қай кəззапқа ұрлаттым?
Мезгiлiм-ай,
Мекендеген Ай қасын,
Қан қақсатып кеттi сенi қай жасын?
Бiр тал гүлдi отыратын иiскеп
Қайран, күнiм, хабар бершi, қайдасың?
Жоқсың...
Барсың...
Шындықсың да жалғансың,
Алты қырдың аржағында қалғансың.
...Мен сияқты,
Өткен-кеткен адамдар
Жерде жатқан жетiм гүлдi аңғарсын,
Аңғарсын да – аяласын, қолға алсын!..