10.10.2021
  150


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

Орыншаға

Ақтөбенің бір қызы бар аурушаң,
Шыдамы жоқ ондай болма ауырсаң.
Қазір ғана сап-сау болып тұрады,
Аяқасты ауру болып шығады.
Кейде әліне қарамайды, құтырады,
Кекірік атып кейде ауру боп отырады.
Ол шіркіннің бабын ешбір таба алмай,
Көкең бейбақ өлер болды-ау шошып-ақ.
Кино десе сүйретіліп қалмайды,
Тынық десең, мен саумын деп болмайды.
Би дегенде, тағы тұрар желпілдеп,
Ертесіне түсі қашып, оңбайды.
Ұйқысы бар қара дәуден кем емес,
Оны қинап жүрген жаның мен емес.
Кей күндері «оятпадың ерте» деп,
Тұрғаны сол жас балаша еркелеп.
О, жігіттер байқап андар әйелді;
Ақтөбенің қыздарында ерке көп.

1975 ж. Есентуки





Пікір жазу