10.10.2021
  166


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

«Лениншіл жастың» келіндеріне

Кешігіп қалса тыржима,
Күліп жүр үйде ылғи да.
Газетіндей жігітің жалын боп жүрсін,
Жұрт іздеп оқыр дарын боп жүрсін.
Соңыра пенсияға шыққанында,
Аты әйгілі журналист жалын боп жүрсін.
Қаламақыны да күйеуің көп тауып,
Келінжан, қалтаң әмсе қалың боп жүрсін.

1956





Пікір жазу