10.10.2021
115
Салтушаға
(«Қорлан» әнінің сарынымен айтылады)
Осы бір көке бала балдан тәтті,
Атаға ермек етіп бере сапты.
Жалпылдап ұмтыласың тұрамын деп,
Күшіңе сыймайтындай жаман қатты.
Қайырмасы:
Аха-хау, көкем,
Кішкентай бөпем,
Шынымен осы шіркін,
Тәтті ме екен!
Жылауды бала болып білмейсің сен,
Япыр-ау тіпті артық күлмейсің сен.
Аташың сексен жасқа келгеніңде,
Еліңе қадірлі боп жүргейсің сен.
Қайырмасы:
Исің бар шаршағанды басатұғын,
Көзің де келер бәрін шашатұғын,
Атаңның ақ тілеуі — адам болсаң,
Ақылдың ақ қақпасын ашатұғын.
Қайырмасы:
Бәрін де ұмыттырған алтын балам,
Түріңнен айналайын жалпылдаған.
Бір сәтке көңіл бәс боп жабыққанда,
Биік боп қуантып жүр Батыр ағаң!
Алматы қаласы, 18 июль, 1986 ж.