10.10.2021
  163


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

Тост

Әр үйдің жарқыраған шамы,
Сағына күтер жары.
Ақ тұтқан ары.
Мол-қазына бары,
Мәуелеген бағы.
Жадырап жүрсе — жазы,
Жарасып жүрсе — назы.
Толассыз тулар қаны,
Үзіп берер жаны.
Оу, оған ешнәрсе жетпейді,
Бәрінен де жақсы,
Солардың қасымызда бары.
Кәне, әйелдер үшін бір алып қояйық!

27.08.1981 ж.





Пікір жазу