10.10.2021
  115


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

Нұрзағышқа

Нұрзағыш, етің тәтті, тортың тәтті,
Мен бүгін оларыңды жедім қатты.
Үйінде Кәкімжанның пісірсінші,
Жолдарын Орыншаға айтшы нақты.
Тәтті төрт бердің-дағы еттің алаң,
Бұл үйден қалайша енді кете алам.
Екеуміз ыздиып бір отырайық,
Төлеухан жүрсін шауып далаң-далаң.
Кеңесім мұндай асты көп жасама,
Сұқтану, көз тиюден бол тасада.
Дегенмен жақсы достар үзілмесін,
Бола бер, алтын ұя, құт босаға.





Пікір жазу