meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.10.2021
  2774


Қайын әпке

Үлгі болар әсем жансың ініге,
Жанашыр боп қорғаштайсың күніге.
Қабғын бір шытпасын деп бәйек боп,
Қайта-қайта жалтақтайсың түріне.

Бүгін сенің туған күнің не берсем,
Әлемнің бай адамына теңелсем.
Сыйлар едім бар жақсыны сен үшін,
Тек әзірге мықты бол деп дем берсем.

Әпкемтайым, ренжімеші, күлімде,
Күліп жүрші мына туған күніңде.
Осы сәттер енді айналып келмейді
Ашық күнді бұлт басқандай түрің не.

Шат көңілмен билеп басып тұрайық,
Тілек тілеп саптың басын құрайық.
Абыройың асып-тасып шалқысын,
Бір АЛЛАДАН  бақ берші деп сұрайық





Пікір жазу