Қайынәпке туған күнін құтты болсын
Өзінен кіші бауырларына мейірін төгіп, мерейін өсіруге барын салған әпкемізді туған күнімен құттықтаймыз!
Бір елдің ізетті келіні, ата-енесін, құдай қосқан жарының алтын басын қадірлеген әпкеміз – бүгінде төрт баланың анасы.
Бойынан Домалақ ананың әулиелігі, Айғанымның кемеңгерлігі, Зеренің парасаты, Бопайдың батырлығы, Айша Бибінің адалдығы, аттары алты алашқа танымал қазақтың аруларының асыл қасиеттері табылатын әпкемізге ұл-қыздарыңыздың рахатын жездемізбен бірге көріп, ұзақ та бақытты ғұмыр кешуді тілеймін?Әпкемізді мерейлі жасымен құттықтай отырып, отбасының берекелі, бала-шағасының аман болуына, денсаулығы мықты қалпында ұзақ жасауына тілектеспін.Әпке, елге сыйлы, туыстарыңызға бауырмал, әрдайым көпшіл қалпыңыздан айнымаңыз!Біз сізді жақсы көреміз??