07.10.2021
  2619


Жаңа 15 жасың құтты болсын алтыным

Мендегі байлық, асылым -ұлым,
Мендегі арман- бақыты оның.
Балалық балғын шақтарың сенің
Ертегі елі болсыншы ұлым.

Қорғаным болар азамат болшы,
Мәнісін артқан өмірім менің.
Азаймау үшін сендегі бақыт
Күзетер едім күлкіңді сенің
Былдырлап жүрген кезіңді балам
Бақытқа, ұлым, теңейді анаң
Алланың берген сыйы да өзің.
Өмірдің нәрі бір сенсің ұлым,
Біздегі арман өзіңсің балам,
Жан қияр едім жолында сенің.
Көзімнің нұры да, өзіңсің жаным
Анашың сенің береді барын.

Тіл, көзден сақта, баламды Алла,
Жетелей берем арман бар алда.
Қиығын салып жүрерсің өзің
Өзіңе ғана тапсырдым Аллам.





Пікір жазу