30.09.2021
204

Бір редакторға
Бауырым, бұл ісінде жоқ естілік,
Соныңның дауысы жатыр кімге естіліп.
Өлеңім шықса болды газетінде
Қоясың қой торыңды мінгестіріп.
Түсе алар кімге оның көлеңкесі
Оқыған газетіңді дер ол несі.
Қонғанмен бір бұтаққа бұлбұл, қарға,
Қарғаның көтерілмес мәртебесі.
29.02.2001 жыл.
Редактор Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы