30.09.2021
277
Ерасыл
Ерасыл аты қалай келді ойға,
Кемелдік барын періште бойда
Қалай сезді екен ата-ана жүрек,
Тектілік сырына дегендей бойла.
Екі-ақ жаста өзі, мінезін көрші,
Марқасқа маңғаз, жүрегі де ерсі!
Бала боп әсте жеңілтектігі жоқ,
Тәрізді бір кемел елдің серісі.
Титімдей бөбек, жаралған ерек,
Өсе бер, берсін Алла өзі көмек.
Қазаққа кемел келешек қорған деп
Қояйын мен де бата беріп, демеп.
Тұлғасы болғын келешек ғасыр,
Ғалымбек, Күлима арманын асыл
Алла қолдасын тіл-көзден аман
Ержет титімдей сүйкімді Ерасыл.
Ерасыл Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы