30.09.2021
129
Ләзиза
Жақсы дос, жаны құрбы Ләзизасың,
Тәнтімін маған ерек ықыласың.
Достыққа жаны ынтық жан екенсің,
Басыңа бақ-талай боп нұр құласын.
Көр дедің ескі қоныс — жаңа үйімді,
Ұғындым ниетіңді жан сүйінді.
Адамның ішін барлар сұңғыласын,
Әркімге көрсетпейсің бұл сыйынды.
Алдыма алып астау шеке қойдың,
Ризамын ықыласыңа әбден тойдым.
Тектіден өрген ерек ұрпақсың-ау
Деп іштен түйіп мен де толғап қойдым.
Әр ісің көңілімде тапты ұнасым,
Сондықтан менің де ауды ықыласым.
Жамандық көрмей жаның нұрлы өмір кеш
Кірпияз қыран мінез текті Ылашын.
22.08.2001 ж.
Ләзиза дос Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы