30.09.2021
249
Ақ шағалам
Сүйікті бауырым Мәдениеттің қырық жас — мерейтойына
Еркелетіп Мәдет дейміз
Мәдениет атынды.
Ата-анаң танып қойған
Бойда парасатыңды.
Адамдыққа ұя сынды
Аққұба тал бар қалпың.
Баурап тұрар айналаңды,
Мінезің де ақжарқын.
Өзің шағын ақ Шағала,
Ақ пейілің даладай.
Ақ жарыңның адалдығы
Сезімі пәк баладай.
Ұяң — ұжмақ, отың басы —
Ылғи шуақ, жылылық.
Босағанды аттаған жан
Ғибрат алар сыр ұғып.
Жұп көгершін тәріздісің
Отырғанда Қазбекпен
Шуағы мол шаңырағың
Балаусалы мәз көктем.
Алыс-жақын ағайынға
Бүкпесіз ақ жарылдың.
Жақсы-жаман қай күйде де
Адамдықтан табылдың.
Тәнтімін деп мен не дейін
Қанатымдай ақ құсым
Мерейтойыңмен құттықтап,
Айтам жүрек алғысын.
Сенем сенін өміріңе,
Көркейіп нәр қоса алар.
Қос құлының аман болып,
Қосағыңмен қоса ағар.
Шағала бауыр мерейтой Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы