30.09.2021
148

Айзадаға
Айзадасың ба!
Күнзадасың ба!
Есімің ғой ол
Тұрған не мұнда!
Өс адам болып
Толымды сынға
Мақсатыңа жет
Сүрінбей сында.
Есігін аштың
Мектептің бүгін.
Жеңіл деп жүрме
Өмірдің жүгін.
Тер төгіп күрес
Қиынға қынба,
Қамалды биік
Алмайша тынба.
Айзада есім Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы