30.09.2021
164
![](/uploads/shorttexts/author_image/04841014466890f3b14c37ec766b4285.jpg)
Аңсауменен өтермін
Түсімде өзі аян беріп,
Алла қосқан жан жарым.
Біліп бәрін қарсы алып ем
Алдымда арай тан барын.
Алдамады Алла өзі
Әмір кештім шуақты.
Мейірің нұр боп сәуле шашты
Ұямызда тұрақты.
Саған беріп өмірімнің,
Бар тізгінін, түйінін
Арайына бөленіп ем
Ақ махаббат күйінің.
Отыз жылдай өмір өтті,
Шытыспаған қабақты.
Жарасымды ғұмыр көпті
Таңдандырып қаратты.
Жантайым деп жанымды ұғып
Мерейімді көтердің.
Жан қалаулым, қайран Ғабам,
Аңсауменен өтермін.
01.10.1998 жыл.
Аңсау Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы