30.09.2021
132
Зиялыға
Зілінен әзілі мол жеңіл назым,
Көңіліңнің қалдырмапты-ау маған жазын.
Томсарып, сәлемдеспей теріс айналдың
Жақ деген адалдыққа әділ қазым.
Жоқ еді наздан өзге ойым бөтен,
Жанымды әзіл айтып жеңілдетем. —
Деп едім, қаңбақша ұшты қайран сезім,
Назды да ұққанға айту керек екен!
зиялы Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы