30.09.2021
165
Димаш ағаға
Димаш аға!
Жұртымның асыл қорғаны,
Ырысы асып ашылған болса ел бағы
Сіздің арқаңыз мерейі өсіп халқымның
Қазақ есімі әлемге әйгі болғаны.
Реңі кіріп гүлденсе байтақ кең далам,
Миллиард құйып тасыса байлық арнадан,
Алматы тақса төсіне орден жайнатып,
Сіздің арқаңыз еліме күт боп орнаған.
Ашылып бағы халқымның өссе ұл-қызы
Көрінсе сайрап өскендігінің күнде ізі.
Қар бұзып жол сап, бағдарлап берген бағытын
Өзіңіз аға темір қазығы — жұлдызы.
Еңбегіңізді тәптіштеп тізіп не дейін
Асыл аға деп жырыма қоса берейін.
Береке басы халқымның ерен мақтаны
Жасай бер аға, биіктей берсін мерейің.
Димаш аға аға Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы