30.09.2021
133
Қосақталып жүреді ар мен намыс
Қосақталып жүреді ар мен намыс,
Болмаған соң өзара аулы алыс.
Намыс жоқта ар жетім, ақ айран боп,
Ақтарылып жатары көпке таныс.
Намыс қуу дегенің бүгін сирек,
Көп тұстарда ерекше жатыр күйреп.
Ұлт намысын ұран ғып ұстар деген
Азаматта жігер құм, ақыл күйрек.
Бірдіні боп дем алып екі иықтан,
Әр мүскінің нән санап пілді жыққан.
Өзі де ұғып болмаған руының
Алыбысып бұлықсиды айға шыққан.
Арқасында нарықтың есе тиіп,
Қара шұға сөпөлөк мода киіп.
Ысқырығы жер жарған бес ешкілі
Мерседеске барады зорға сыйып.
ар намыс Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы