30.09.2021
126
Болмадым деп тойында өкіне алман
Болмадым деп тойында өкіне алман,
Ондай тойдың бәрі де менен қалған.
Ілтипатын көргенмін ұлылардың,
Ағалардан аруақты алғыс алғам.
Олар Алыптар тобы болатұғын,
Халық қамын ойымен шолатұғын.
Еңбегімен қадірлі өсер ұрпақ
Ырысы асып, кемі өсіп толатұғын.
Танып істің мәнісін, хал-қадырын,
Суырылып шықса бір алға дарын.
«Өзі алмайды, қыранға алдырмайды»
Дегендейін қосады қарғаларын.
Дарын дара шығуын оң көрмейді,
Қой торысы тепеңдеп өңмендейді.
«Пұшық айтып қор қылған» есіл әндей
Орынына іс әсте оң келмейді.
той өкіну Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы