30.09.2021
97
Пәнда бар ма мұңы болмас көңілде
Пәнда бар ма мұңы болмас көңілде,
Айналаң мұң, жан мұқалмас темір ме!
Жас қартайып, жаңа келіп, ескі өліп,
Күні ауыспас көлеңкеге өмір ме!
Төрт құбыласын түгел ғып кім ұстасын,
Адам, Хауа көрсеткен ғой нұсқасын.
Өлместі Алла, тозбасты ұста соқпайды,
Сайтан ғана сезбес өмір қысқасын.
көңіл мұң Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы