30.09.2021
133
Өмір алан, боп кетті етер ойын
Өмір алан, боп кетті етер ойын,
Ойындардың көрдік қай небір сойын!
Ал ойыншық — тағдыры адамдардың,
Қоса орнатқан қорлығын сенген қойым...
Сенген қойым заң орны еді амал қайсы!
Заңды бұзып өздері келсе қайшы.
«Күйсегенің...» дегеннен не шығады
Түлкі уәзір заманда қасқыр қойшы...
Байкал, бауырым, сөз төркінін танып айт,
Мәнін біліп, мағынасына барып айт.
Байлар ғана теңдесі жоқ текті деп...
Өзіңді де, көпті де есіңе алып айт.
Текті дейді ел бастаған көсемді,
Мәнді сөзбен көпті ұйытқан шешенді.
Текті ме екен көпті тонап байыған,
Пысықсымақ қағып кеткен есеңді.
өмір ойын Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы