30.09.2021
138
Қара шапан, ақ жаға
Қара шапан, ақ жаға,
Тиеліп алған Вольвоға,
Бұрқырап құйған әтірі
Атқосшысы нөпірі...
Ордаңдап ашып есігін
Ойқастап кіреді Ордаға.
Гу-гу айтыс мол кеңес
Сапырған бос сөз олқы емес.
Сөз-асырған айласы...
Халыққа жоқ пайдасы.
қара шапан жаға шапан Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы