30.09.2021
  203


Автор: Бекболат Тілеухан

Білгішім

«Сынауға құмар бүгін кім көрінген,
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен.
Бірақта біліп қой, ей, «кім көрінген»
Ақиқатты айтсын деп тіл берілген». (Мұқағали Мақатаев)

 


Маңдайымнан шерткішім,
Май құйрықтан тепкішім.
Тұтатуға бәлені,
Мұқатуға ептісің.
Неге салса өткішім,
Неге сонша кектісің?
Мұз төктім бе қораңа?
Тұз септім бе жараңа?
Анаша мен арақты
Оқыттым ба балаңа?
Зина менен құмарды
Үйреттім бе ағаңа?
Сабаңа түс, сабаңа!
Жетсең менің түбіме,
Жерің кеңіп қала ма?
Мақшар күні болғанда,
Алла алдына барғанда,
Жауап бере алмассың,
Маған жапқан жалаңа…




Пікір жазу