30.09.2021
814

Ес-аға, қайран Ес-аға!
Бәріміз Аллаға тәнбіз. Аллаға қайтамыз.
Өзіңіз де жігіттің сұлтаны едіңіз.
Күндердің сұлтаны – жұма күні,
айлардың сұлтаны – Рамазан айында уақытыңыз болыпты.
Бабалар түскен бәз соқпақ,
бұрылып соған түскен екенсіз.
Алдыңыздан Алла жарылқасын.
Ес-ағам шын жақсы, рас текті еді.
Дарико апам мен Біржанға ғана емес,
өрелі өнердің қадірін білетін барша қазаққа шын жүректен көңіл айтып, сабыр тілеймін.