30.09.2021
  194


Автор: Бекболат Тілеухан

Жалпыұлттық аза тұту күні

Қадірлі ағайын!

Әлемді жаулаған аты жаман дерт өкінішке қарай біздің де отандас-бауырларымызға ауыз салып үлгерді. Әр әулет, әр отбасы ауыр жағдайды бастан кешіп жатыр.

Ауыл-аймақтан, жерлестерімнен, дос-жараннан келіп түсіп жатқан арыз-өтініште есеп жоқ. Қиын бір сынақ боп тұр.

Жұрттың жылу жинап, бірін-бірі қолдап жатқанын да көріп отырмыз. Дәл осы жанашырлық - біздің халқымыздың ең қадірлі қасиеті.

Қаншама  азаматтар ештеңеге қарамай ерікті түрде көмек қылып жатыр. Әсіресе, медицина мамандарына үлкен алғыс-ілтипатымды білдіремін. Шын мәнінде майданның алғы шебінде жүрген олар - осы замананың нағыз батырлары!

Таусыншақ күні жеткен талай жан өмірден өтті. Талай асыл азаматты жер қойнына тапсырдық.

Отандастарымыздың отбасына, туған-туыстарына көңіл айтамын. Қазаның арты қайырлы болсын.

Қауіптің бұлты сейілсінші. Көк туымыз тұғырынан түспесінші. Ел аман, жұрт тыныш болсыншы! Алла жар болсын бізге!





Пікір жазу