29.09.2021
476
ЖАУ ЖАҒАДАН АЛҒАНДА, БӨРІ ЕТЕКТЕН....
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен...
Жігіт
Қалайсың, амансыңба қарындасым,
Тәңірге айтарым көп базынам шын.
Өзіңе мұң шағамын заман жайлы,
Қайысқасын қабырғам қазадан мың.
Қыз
Ертеңді ойлап аға біз қамығамыз,
Аға біздің бір екен базынамыз.
Мына індет жаулап ап жер жаһанды,
Азаюда адамдар, қазынамыз.
Жігіт
Тау тұлғалар талтүсте құлады анық,
Қалай, неге әттең-ай біле алмадық.
Қара жерде қабырлер көбейгенін,
Жүрмін іштей көргенде жылап алып.
Қыз
Іштен тартып бір нәрсе жұлмалайды,
Жандүнием құлазып, мұңдар басып.
Жанды өртеп барады, өксік кернеп,
Бұл індеттің қайғысы жылдан асып.
Жігіт
Қарияның жүзінде батпан күдік,
Азаматтар құлауда атан жілік.
Тәжжалға тұсау болып тектерме екен,
Вакцинасы жатқан бұл аттан қылып.
Қыз
Бірі ары тартады бірі бері,
Бірі алға басады, бірі кері.
Желілерде қаңқу сөз тарап жатыр,
Жүре алмай қалғандай жұрт ілгері.
Вакцинадан қорқып ел тартыншақтап,
Құтылмады күдіктен көңілдегі.
Екпе ектіріп біреулер тынышталса,
Ал біреудің шығып жатыр соңғы демі.
Жігіт
Айналған алты алаштың шынарына,
Азаматтар мезгілсіз құлады да.
Пендешілік кеткесін шектен асып,
Қаһарыма, Алланың сынағыма?
Үрейленген елдің тек жүрегінде,
Екпе айналды күдікті сұрағына.
Бәріне төзіп келген Қазағымның,
Қанша уақыт бар әлі шыдауына?
Қыз
Соны ойласам жүрегім ауырады,
Не болады ендігі елдің қамы.
Отқа майын тамызар жандарда көп,
Ши шығарар бір жерден тағы, тағы.
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,
Іштегі дерт күн сайын қабынады.
Тараздағы жарылыс жанды ауыртты,
Ойлай қалсам көзден жас ағылады.
Жігіт
Ой өксіп, малынғасын санам мұңға,
Сыр аштым өзіңдей тек дара қызға.
Қайғы жамап мың құрақ азабына,
Халықтың мұң іркілген жанарына.
Індет, дерттің дауасын беріп Алла,
Құдайым қуат берсін Қазағыма.
Қыз
Аллахым қазағымды қаза қылма,
Салмашы орны толмас азабына.
Індеттің бетін әрі алып кетіп,
Бар жақсыны әкелші қазағыма.
Сен ұлықсың, Аллахым мейрімдісің,
Қазағымды бөлей түс ғажабыңа.
Біздің аға дұғамыз қабыл болып,
Тоқтау салсын орынсыз ажалына.
авторлары: Қуанбек Тынымхан
Жібек Искакова
Жігіт
Қалайсың, амансыңба қарындасым,
Тәңірге айтарым көп базынам шын.
Өзіңе мұң шағамын заман жайлы,
Қайысқасын қабырғам қазадан мың.
Қыз
Ертеңді ойлап аға біз қамығамыз,
Аға біздің бір екен базынамыз.
Мына індет жаулап ап жер жаһанды,
Азаюда адамдар, қазынамыз.
Жігіт
Тау тұлғалар талтүсте құлады анық,
Қалай, неге әттең-ай біле алмадық.
Қара жерде қабырлер көбейгенін,
Жүрмін іштей көргенде жылап алып.
Қыз
Іштен тартып бір нәрсе жұлмалайды,
Жандүнием құлазып, мұңдар басып.
Жанды өртеп барады, өксік кернеп,
Бұл індеттің қайғысы жылдан асып.
Жігіт
Қарияның жүзінде батпан күдік,
Азаматтар құлауда атан жілік.
Тәжжалға тұсау болып тектерме екен,
Вакцинасы жатқан бұл аттан қылып.
Қыз
Бірі ары тартады бірі бері,
Бірі алға басады, бірі кері.
Желілерде қаңқу сөз тарап жатыр,
Жүре алмай қалғандай жұрт ілгері.
Вакцинадан қорқып ел тартыншақтап,
Құтылмады күдіктен көңілдегі.
Екпе ектіріп біреулер тынышталса,
Ал біреудің шығып жатыр соңғы демі.
Жігіт
Айналған алты алаштың шынарына,
Азаматтар мезгілсіз құлады да.
Пендешілік кеткесін шектен асып,
Қаһарыма, Алланың сынағыма?
Үрейленген елдің тек жүрегінде,
Екпе айналды күдікті сұрағына.
Бәріне төзіп келген Қазағымның,
Қанша уақыт бар әлі шыдауына?
Қыз
Соны ойласам жүрегім ауырады,
Не болады ендігі елдің қамы.
Отқа майын тамызар жандарда көп,
Ши шығарар бір жерден тағы, тағы.
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,
Іштегі дерт күн сайын қабынады.
Тараздағы жарылыс жанды ауыртты,
Ойлай қалсам көзден жас ағылады.
Жігіт
Ой өксіп, малынғасын санам мұңға,
Сыр аштым өзіңдей тек дара қызға.
Қайғы жамап мың құрақ азабына,
Халықтың мұң іркілген жанарына.
Індет, дерттің дауасын беріп Алла,
Құдайым қуат берсін Қазағыма.
Қыз
Аллахым қазағымды қаза қылма,
Салмашы орны толмас азабына.
Індеттің бетін әрі алып кетіп,
Бар жақсыны әкелші қазағыма.
Сен ұлықсың, Аллахым мейрімдісің,
Қазағымды бөлей түс ғажабыңа.
Біздің аға дұғамыз қабыл болып,
Тоқтау салсын орынсыз ажалына.
авторлары: Қуанбек Тынымхан
Жібек Искакова