28.09.2021
229
Дүниеге ару қалпың келмегенің
Тоғыз ай құрсағында құндақтаған,
Бүйірден тепкілесең үн қатпаған.
Қалпыңнан шикі өкпедей сылап, сыйпап,
Өсірген ару етіп бұлғақтаған.
Қаз басып, апыл-тапыл тәлтіректеп,
Әрнені ауызға ұрып, дәмін тектеп
Жүргенде, от пен суға түсірмеген
Анаңның арқасында өстің көктеп.
Зердеңе зердей тоқып зейін құйып,
Не асыл тал бойында саған қиып,
Қаз қойды кез алдыңа әлемді әкеп,
Дүниені мынау жарық тартты сый ғып.
Өмірді тек сонан соң зерделедің.
Жақсыны жаман менен термеледің.
Жадыңнан шығармайша тектерің сол —
Дүниеге ару қалпың келмегенің.
12.03.1999 жыл.
дүние ару Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы