meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  28.09.2021
  291


Автор: Жібек Ысқақова

АНАШЫМ ӨЗІҢ



Анашым өзің — Асылым,
Жеткізер сөздің асылын.
Алыста болсын жақында,
Баласын ойлар жасырын.

Анашым өзің — Ардағым,
Ойлайтын әркез жан-жағын.
«Отбасы-ошақ қасы» деп,
Бар жақсыны таңдадың.

Анашым өзің — ай, күнім,
Таусылмас, бітпес байлығым.
Өзіңнен асқан жан бар ма?
Тілейтін өмір жайлығын.

Анашым өзің — мақтаным,
Ататын нұрлы ақ таңым.
Әуезді болып шырқалар,
Жүректен шығар тәтті әнім.

Анашым өзің — көріктім,
Көңілің жаздай жайнаған.
Мейріммен үндеп жүресің,
Құлпырып, жайнап айналаң.

Анашым өзің — жұлдызым,
Жарқырай түсер құндызым.
Амандығыңды тілейді,
Өсірген баптап — ұл-қызың.

Жібек Искакова




Пікір жазу