28.09.2021
3554
Құтты болсын туған күнін ұлым менің - 6 жас
Алты жасқа қадам бастың ұлым менің,
Ата-анаңды қуантып, бақытты қып.
Шуақ шашар шырайлы күнім менің,
Алла сені жүрсінші жақұтты қып.
Денсаулығың мықты болсын, болшы аман,
Биіктерге қанат қағып, қоншы аман.
Алты жасың жетелеп биіктерге,
Ұлым менің жарқырап артсын бағаң.
Жанарыңда қайғы-мұң болмасыншы,
Алла сені жарығым қолдасыншы.
Өміріңде жан балам көңіліңде,
Бар жақсылық, тыныштық орнасыншы.