27.09.2021
8351
Бір жасқа кішкентай қызыма туған күнге тілек
Жаным қызым бақ-жұлдызым,
Құтты болсын туған күнің.
Қадам бастың сен бір жасқа,
Бақытқа бөлеп бүгін күнім.
Тәй-тәй басып, күлімдейсің,
Хош иісті гүлімдейсің.
Қылықтарың балдай тәтті,
Жақсы көрем сені қатты.
Өсе берші Алла жар боп,
Қызғалдағым, жаным қызым.
Өмірімнің гүл жайнаған,
Хош иісті сәні қызым.