27.09.2021
  3373


Автор: Жібек Ысқақова

9-ЖАСҚА қызыма туған күнге тілек

Өмірімнің жұлдызы жаным қызым,
Құтты болсын бүгінгі туған күнің.
Тоғыз жаста есіктен еніп келді,
Шаттықты етіп жан қызым міне бүгін.

Құтты болсын жаңа жасың күлімдеткен,
Жанымызды нұрға бөлеп дүбірлеткен.
Жастан жасқа амандықта жете берші,
Армандарың орындалып көптен күткен.

Әрбір күнің сәттілігін жалғай берсін,
Бар жақсылық жақсысын арнай берсін.
Жаным қызым, гүлім-ау шаттықта тек,
Бақыт құсы басыңа орнай берсін!




Пікір жазу