Ата-аналардың мектептегі орны
Ата - ананың мектептегі алатын орны Баяндама Тақырыбы: Ата - ананың мектептегі алатын орны «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата - ананың орны бөлек. Мектеп, ата - ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу – негізгі мақсат. Сондықтан мақаламызда сынып жетекшінің атқаратын міндеті, ата – ананың атқаратын міндеті және олардың бірлесіп жасалатын жұмысы мен күтілетін нәтижесіне тоқталып отырмыз. Сынып жетекшінің міндеті: 1. Ата – аналармен тығыз байланыста болу; 2. Оқушыларды, ата – аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс - шараларына тарту; 3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан - жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту; 4. Тақырыптық ата - аналар жиналысын өткізу; 5. Ата - аналар комитетімен кездесу; 6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету; 7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс. 8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау. Ата - ананың міндеті: 1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы; 2. Сабақтан келген баланың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету; 3. Мектепішілік ата - аналар жиналысына қатысу; 4. Сыныптың ата - аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу; 5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркіңізбен оқу - тәрбие іс - шараларына қаржылық көмек көрсету; 6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу. Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата - аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата - аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез - келген жұмыстарға мектепішілік іс - шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін - сынып оқушыларының ата - аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата - аналар төрайымымен және сынып ата - аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата - аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата - аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата - аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыңыздың ата - анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.