22.09.2021
183
Адалдығы осы ма?!
Ауа лас, су лай
Аспан сұрғылт, жер тақыр
Адам бүгін сор маңдай
Қасірет біткен кеп жатыр.
Ядролық сынақтың
Кесірі енді білініп,
Ұрпақты бүгін жұтарман
Обыр қуып жеп жатыр.
Кеше Семей Бүгін бұл —
Лобнор дейді шығыста
Бардық... келді ол бізге...
Жәйім қайсы ұғысқан
Бүйіріңнен дүрсілдеп
Бүйрек түсерменде тұр
Адалдығы осы ма
Сыйлас көршің туысқан!
адалдық Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы