22.09.2021
185
Әлем аппақ
Әлем аппақ
Жауған қардан
Арайлы ақ нұр тарағандай.
Жүректер де әппақ болса
Көңілді алау орағандай.
Жүрсе адам атаулылар
Жан шуағын жәйіп салып,
Отырмаса кейіп-налып
Ақтығынан ғайып қалып.
Сөйтіп шіркін адамдардың
Күллі әлемі аппақ болса!
Қабағына ылғи ғана
Аппақ нұрлы шуақ қонса.
әлем аппақ Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы