22.09.2021
146

Еститұғының қашанда бірлік-береке
Еститұғының қашанда бірлік-береке,
Ұйыған соған мызғымас болып дәнекер.
Сауданың бәсін дәл тауып айтқан мақалдап,
Қайран аңқау ел ұжмақты әлі дәметер.
Екі сызық маңдайға
Сұлай кеп түсті көлденең.
Еңкею дегенді еске алмай,
Өрлікпен ширақ келген ем.
Сыр алдырмаған сұқ көзге
Шымыр жүрегім,
Асаудай тулап,
Алқына бердің, сен неден!
бірлік береке Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы