22.09.2021
150
Біз де жас боп, кіші жолын өткенбіз
Мен көрмеген не бар еді, кімің бар?
Дүрімсисің бірдеңе боп құның нар,
Тәрізденіп мықшиясың лауазым
Салмағынан бадырайып мінің бар.
Өмір заңы ол, мен егде сен жас бүгін
Алға ұстарың өзі тек сол жастығың.
Жас болады көкірегі көр, басы жел,
Жанаспайтын маңайына жақсының.
Біз де жас боп кіші жолын өткенбіз.
Үлкендерге құлдай кызмет еткенбіз.
Толмай тұрып Толстойлық дәметіп
Жұлқынбай-ақ осы халге жеткенбіз.
Ақыл шығар төрге шықтың жасыңмен
Теңгеріліп өнерлі, алғыр, асылмен.
Қабілетпен емес қолдау, қолпашпен,
Жөн-жосықты ажыратпас басыңмен.
Ақылың толмай жас деп әдейі көтерді.
Көрмей, сезбей жүрміз қандай бекерді!
Жетесізге жетпей желге кеткен сөз...
Қай айтқаннан қай олқылық өтелді.
жас үлкен өмір Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы