22.09.2021
121
Ел көзінде еңселінің бірімін
Қанша таным қалдың екен атпаған,
Қасіретім қалдың қанша татпаған.
Маған деген қанша ащы-тұщылар
Тұр екенсің тағдыр әлі сақтаған.
Көз жетпейді ұшығына бірінің.
Әрекетін жасап келем тірінің.
Бар жарасын жалап жазып жанымның,
Ел көзінде еңселінің бірімін.
тағдыр таң Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы